Билетті қалай сатып алуға болады

Galaconcert сайтында концертке, шоуға немесе қойылымға билетті онлайн бірнеше минутта сатып алуға болады. Электрондық билет төлемнен кейін бірден келеді.


Қадамдық нұсқаулық

  • Іс-шараны таңдаңыз. Афишадан іс-шара бетін ашып, «Сатып алу» түймесін басыңыз.
  • Орындарды таңдаңыз. Зал сызбасы ашылады - қолайлы орындарды белгілеп, қайта «Сатып алу» түймесін басыңыз.
  • Деректерді толтырыңыз. Төлем тәсілін таңдап, e-mail, ұялы телефон нөмірі мен аты жөніңізді көрсетіңіз. Жұлдызшамен белгіленген өрістер міндетті.
  • Тапсырысты төлеңіз. «Төлемге өту» түймесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  • Билетті алыңыз. Сәтті төлемнен кейін билет электрондық поштаға және көрсетілген нөмірдегі WhatsApp-қа келеді, сондай-ақ сайттағы жеке  кабинетте қолжетімді болады.


Төлем тәсілдері:

  • Kaspi.kz - «Kaspi Bank» АҚ тікелей эквайрингі
  • Visa немесе Mastercard банк картасы - TipTop Pay арқылы
  • UnionPay, American Express және басқа банк карталары - ePay арқылы («Қазақстан Халық Банкі» АҚ)
  • Бастапқы жарнасыз 4 айға 0-0-4 бөліп төлеу - «Банк ЦентрКредит» АҚ  арқылы (билет құнына +10%)
  • Кейінге қалдырылған төлем (билет құнына +10%)


Сайттағы билет бағасына сервистік алым қосылған. Қосымша 10% тек бөліп төлеу немесе кейінге қалдырылған төлем таңдалған кезде қолданылады - қорытынды сома тапсырысты растағанға дейін көрсетіледі.


Іс-шараға қалай кіруге болады

  • Бақылаушыға билеттің QR-кодын телефон экранынан немесе басып шығарылған күйінде көрсетіңіз. Басып шығару міндетті емес.
  • QR-кодты басқаларға жібермеңіз және ашық жарияламаңыз: кіреберіске кодты бірінші көрсеткен адам өткізіледі.
  • Егер билет сканерленбесе, бізге WhatsApp +7 777 800 50 90 нөміріне жазыңыз. Іс-шара күндері қолдау қызметі іс-шара басталуына 2 сағат қалғаннан бастап және көрсетілген басталу уақытынан кейін тағы 2 сағат бойы жұмыс істейді.


Төлем қауіпсіздігі

Онлайн төлемді Kaspi Pay, TipTop Pay және ePay төлем жүйелері, ал бөліп төлеуді «Банк ЦентрКредит» АҚ қамтамасыз етеді. Банк картаңыздың деректері біздің сайтта емес, төлем жүйесінің қорғалған бетінде енгізіледі: Galaconcert карта деректерін алмайды және сақтамайды. Деректерді беру SSL протоколы бойынша шифрлаумен қорғалған.


Қайтару шарттары мен кепілдіктер туралы толығырақ - «Сатып алу

кепілдіктері мен қауіпсіздігі» бетінде.


Сұрақтарыңыз бар ма?


E-mail: info@galaconcert.kz

WhatsApp: +7 777 800 50 90

Instagram: @galaconcert.kz